КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ – АДАМЗАТТЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

 

Күнделікті тұрмыста біз жасанды ин­теллектің көмегіне жиі жүгінеміз. Өйт­кені қазірдің өзінде жасанды интеллект адамзаттың сеніміне әбден ие болған. Көп­теген сараптау, талдау, есептеу, кескін­деу қызметтері осы AI технологиясы ар­қы­лы жүзеге асады. Бірақ оның барысында адам­дар жасанды интеллект салдарынан алаң­дарлық мәсеселеге тап болуы мүмкін.
«Бірінші кезекте ЖИ жұмыссыздық мә­се­лесін тудыруы мүмкін. Жасанды ин­тел­лектің арқасында түрлі интеллектуалды толық автоматтандырылған жүйелер орын­­дай алатын жұмыстардың көбеюі көп­­теген дәстүрлі салаларда жұмыс орын­да­рының қысқаруына және эко­но­ми­калық күйзелістерге әкелуі ықтимал. Же­ке деректердің қауіпсіздік мәселесі де туын­дайды. AI әлемінде көптеген дерек сақталады, осы арқылы ол адамдардың жеке құпиялылығы мен жеке деректер қауіпсіздігіне қатер төндіре алады. Адам­ның ойлау санасы жасанды интеллектінің кесірінен шектелуі мүмкін. Медицина, қаржы, өнер және басқа да салаларда AI технологиясы көптеген шешімдерді бір жақтылы етуге мүмкіндік беріп, бұл адам­дардың ойлау және түсіну қабілетіне қауіп төндіруі ықтимал», – дейді Future of Life институтының атқарушы директоры Эн-тони Агирре.

Биыл PSOS GROUP және REUTERS жа­риялаған сауалнама нәтижесіне сәй­кес,америкалықтардың көпшілігі «жа­сан­ды интеллект (AI) технологиясының қар­қынды дамуы адамзат болашағына қауіп төндіруі мүмкін» деп алаңдайды екен. Open AI зерттеу орталығының ChatGPT чат-боты ең тез қарқынмен да­мып келе жатқандықтан,Microsoft және Google сынды техникалық алпауыттарға бәсекелестік туғызып отыр. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 61 пайызы жасанды интеллект адамдарға қауіп төндіреді  деп санайды, ал 22 пайызы мұнымен келіс­пейді. 17 пайызы болса әлі қорытынды жасауға дайын емес екенін айтты.

AI санасы адам санасынан асып түсуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *