КЕРЕК ДЕРЕК: ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Қазақстанның Ұлттық байланыс және хабар тарату операторы – Республикалық ғарыштық байланыс орталығы 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Салтанатты шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, «РҒБО» АҚ басшылары мен қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты. Министр өз сөзінде Қазақстан 20 жыл ішінде бұл бағытта біраз жұмыс атқарғанын және бүгінде мақтануға тұрарлық жетістіктер бар екенін атап өтті.

«Біріншіден, бұл өзіміздің байланыс және хабар тарату спутниктерінің болуы. «KazSat» сериясының үш ұлттық байланыс спутнигі ұшырылды, оның екеуі геостационарлық орбитада сәтті жұмыс істеуде. Екіншіден, бұл ғарыш аппараттарын басқаруға арналған бірегей жерүсті ғарыш инфрақұрылымы. Бүгінде біз Қазақстанның өзінің ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі, өзінің орбиталық жиілік ресурсы, ең бастысы, ғарыштық байланыс инженерлерінің кәсіби командасы бар екенін мақтан ете аламыз», – деді. Сондай-ақ министр әріптестерін мерекелерімен құттықтап, «РҒБО» АҚ үздік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

Бүгінде Қазақстанда толыққанды ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі бар. Республикалық ғарыштық байланыс орталығы KazSat-2 және KazSat-Z жерсеріктерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Ғарыш аппараттары еліміздің солтүстігіндегі негізгі жерүсті кешенінен – Ақмола облысындағы «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Алматы облысындағы «Көктерек» резервтік ғарыштық байланыс орталығынан басқарылады.

Екі ғарыш аппаратынан және екі жерүсті басқару кешенінен тұратын Қазақстан Республикасының ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *