ЦИФРЛАНДЫРУ: ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ 16 ОТАНДЫҚ ОПЕРАТОР ТАБЫСТЫ ПАЙДАЛАНАДЫ

Ғарыштық байланыс қызметтерін еліміздегі 16 оператор табысты пайдаланады. KazSat ұлттық байланыс спутниктері арқылы 16 мыңнан астам жерсеріктік байланыс станцияларының жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Қосымша кіріс көздері бойынша тапсырмаларды іске асыру шеңберінде «РҒБО» АҚ «Көктерек» ҒБО базасында Қазақстан Республикасының бірінші Телепортын әзірлеуді жалғастыруда.

KazSat сериясының байланыс спутниктері арқылы бүкіл республика бойынша, соның ішінде шалғай аймақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелерге (мектептерге, ауруханаларға, әкімдіктерге) интернет беріледі. Ғарыш аппараттары алғаш рет пойыздарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етті.
KazSat спутниктік байланыс қызметтерін отандық ірі операторлар, еліміздің барлық мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары пайдаланады.
20 жыл ішінде біраз жұмыс атқарылды. Алда жаңа міндеттер тұр, соның бірі – KazSat-2 және KazSat-3 жерсеріктерінің спутниктік сыйымдылығын жалға алу бойынша халықаралық нарықтарға шығу, ұлттық байланыс жүйесінің шоқжұлдызын арттыру.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шалғайдағы ауылдық елді мекендерді кең жолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 504-тің 176-і қосылды. 2011 жылы KazSat сериялы ғарыш аппаратының транспондерлік сыйымдылығының 12%-ын жүктеуден бастап, бүгінгі күні құрылғыларды жүктеу 76%-ға жетті, бұл Қазақстандағы байланыс спутниктері нарығының қажеттіліктерін 100%-ға қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
Ол робототехника жаңа кәсіптерді жасап қана қоймай, сонымен қатар адамдардан жаңа дағдылар мен білімді талап ететін жаңашыл көзқарасты талап етеді деп санайды. Сондай-ақ жылдам өзгеретін технологиялық әлемде жұмыс істей алатын мамандарды дайындау үшін білім беру бағдарламаларын бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстанның 2 мың мектебін Starlink спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмыстары басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *