ЦИФРЛАНДЫРУ: КИБЕРАЛАЯҚТЫҚ СХЕМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

 

Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адамның әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. Егер интернет алаяқтарға алданып қалғанымызды білген жағдайда алаяқпен ұрысып-керіспей, онымен байланысты мейлінше созуға тырысу керек. Шұғыл түрде өз картаңызды бұғаттап, банктік қосымшадағы жеке кабинетіңіздің, электрондық поштаңыздың, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңыздың паролін ауыстыруды кейінге қалдырмаңыз. Оған қоса, егер алаяқтар сіздің шотыңыздан ақшаны шешіп үлгерсе, дереу өз банкіңізге, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Осындай жан-жақты ақпараттарды анықтап алғаннан кейін ғана ақшаны төлеуімізге болады. Ал, жалған интернет-дүкендерге алданып қалып жатқандардың көбі «дүкеннің» егжей-тегжейін қарап тексеріп жатпай-ақ, сайтта көрсетілген шотқа ақшаны жібере салады. Тағы бір мәселе әрбір интернетке қосылған компьютерде, планшетте вирусқа қарсы бағдарламалар міндетті түрде болғаны дұрыс. Өйткені ол сізге қажетсіз, күмәнді, сіздің бағдарламаларыңызға тікелей зиян келтіретін бөтен файлдарды тез анықтап, бәрін өзі-ақ жойып отырады немесе сізден сұрап отырады.  Банктер болсын, құқық қорғау орындары болсын, жеке тұлғаларға телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін «біздің кез келген бөлімшемізге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін. Өйткені телефон арқылы ондай мәселелер шешілмейді.

Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi-нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз. Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет алаяқтардың құрбаны болсаңыз, ең жақын полиция бөліміне барыңыз немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз. Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері мен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз. Күдікті интернет-ресурстар немесе ақшалай пайдаға үміттендіретін сілтемелер айқындалған жағдайда KZ-CERT қызметіне хабарлаңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *