ЦИФРЛАНДЫРУ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

 

Жеке ақпаратты беру кезінде сақтық,  сенімді антивирустық бағдарламалық құралды пайдалану желідегі алаяқтықты болдырмаудың негізгі факторлары болып табылады. Бұл мәселемен күресуде білім мен хабардарлық та маңызды рөл атқарады.

Осындай жағдайға тап болған кезде интернет-алаяқтықтың алдын алып, қорғану жолдары қандай?

  1. Банктағы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыз. Егер сіз күмәнді өзгерістерді байқап қалсаңыз, бұл туралы тиісті орындарға тез арада хабар беріңіз.
  2. Компьютер мен жеке ақпаратты қорғау үшін брандмауэр мен вирусқа қарсы бағдарламалық құралды орнатыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
  3. Компьютеріңіздегі ақпараттық жүйені және бағдарламалық құралды жиі жаңалап отырыңыз.
  4. Wi-Fi желісін шифрлеу арқылы қорғаңыз.
  5. Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
  6. Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз.
  7. Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз.
  8. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
  9. Жеке құпия сөздеріңізді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Сіздің құпия сөздеріңіз 8 символдан, сандардан және әріптерден құралғаны дұрыс. Әрбір онлайн тіркемелеріңізге әртүрлі құпия сөз пайдаланыңыз. Және оларды қауіпсіз жерге жазып алыңыз.
  10. Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз.
  11. Қорғалмаған, ашық Wi-Fi желісі арқылы өзіңіздің жеке шотыңызға кірмеңіз жіне сауда жасамаңыз.
  12. Ұялы телефоныңыздағы банк қосымшаларына, жеке деректерге құпия сөз енгізіп қойыңыз.
  13. Сатып алатын немесе жеке деректерді енгізетін сайттардың мекенжайларына назар аударыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *