ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ ДАМЫТУДА ҚАНДАЙ КЕДЕРГІЛЕР БАР?

Мамандардың жетіспеушілігін және оқытудың сапасы сын көтермейтінін ескере отырып, қазақстандық компаниялар жасанды зерде саласындағы білікті кадрларды даярлау үшін ішкі білім беру бағдарламаларын дамытуға және университеттермен байланыс орнатуға назар аударуы қажет дейді сарапшылар. Бұл ретте Ұлттық банк мамандары елдегі ЖИ дамуын тежеп отырған бірқатар факторларды да атап өтеді. Түркістандық тұрғындар үшін жасанды интеллект технологиясын дамытуға қолайлы жағдай жасау жайлы сарапшылардың айтқан аз-кем ақпаратын ұсынып отырмыз.

«Қазақстандық компаниялар әзірге ірі әлемдік ойыншылармен салыстырғанда ЖИ-ді өз операцияларына белсенді түрде кіріктіріп жатқан жоқ. ЖИ маңыздылығын мойындағанына қарамастан, Қазақстанда оның компаниялар болашағына ықпалына қатысты бейтарап пікірдің жоғары деңгейі байқалады. Бұл ЖИ мүмкіндіктері мен артықшылықтарын түсінуде айқындықтың болмауына немесе сәтті қолдану мысалдарының болмауына байланысты. Бюджеттік шектеулер қазақстандық компанияларда ЖИ енгізу үшін елеулі кедергі болып отыр. Инвестициялық жоспарларда ЖИ-ге басымдық беру үшін қаржылық стратегияны қайта қарау қажет болуы мүмкін. Қазақстандық компаниялар үшін ЖИ саласындағы сапалы деректер мен мамандардың қолжетімділігі мәселесі де – өзекті, бұл білім беру мен кадрларды даярлауға инвестициялардың қажеттілігін көрсетеді», – делінеді.

ЖИ модельдерін оқытуға қажет деректердің көлемі мен сапасының жеткіліксіздігі мәселесін шешу үшін компаниялар заманауи IT-инфрақұрылымдарына және деректерді сақтау жүйелеріне инвестиция салуы қажет. Жасанды интеллект инновацияларын қолдау үшін салық жеңілдіктерін қарастыру, гранттар және әртүрлі жобаға инвестиция салу сияқты мемлекеттік немесе жеке қаржы құралдарын әзірлеу қажет болуы мүмкін», деп тұжырымдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *