КЕРЕК КЕҢЕС: КӨЛІКТЕГІ АҚАУДЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АНЫҚТАП БЕРЕДІ

Қазақстандық сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті (ЖИ) бизнес-процестерге қарқынды енгізіп жатыр. ЖИ фотосуреттерден көліктің қаншалықты зақымдалғанын анықтайды. Бұл туралы «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев мәлімдеді. Соңғы жаңалықтарды Түркістан облысының көлік тізгіндеген азаматтарының назарларына ұсынып отырмыз.

Сақтандырушы компаниялар жасанды интеллекті фотосуреттен көлікке қандай зақым келгенін оқуға арналған бағдарламада пайдаланады. Бұл зақымдану дәрежесі мен клиентке сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама көліктің зақымдалған-зақымдалмағанын, оның көлемін анықтауға үйретілген. Сонымен қатар ашық ChatGPT үлгісіне қосылған. Көлікке қандай зиян келгені анықталған соң, шығын көлемі нақтыланып, мамандар сақтандыру төлемін төлеуге кіріседі. Жобаның келесі кезеңі – зақымданудың мөлшерін автоматты түрде анықтау.

Корпоративтік бизнесті сақтандыруды цифрландыру мәселесі де қолға алынған. Мұнда мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Freedom Insurance өз жүйелерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Мемлекеттік кірістер комитеті, Сот кабинеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және Корпоративтік деректер агрегаторымен біріктіруді жоспарлап отыр. Осы базалардың деректерін пайдалана отырып, сақтандыру компаниясы заңды тұлғаның портретін көреді және онымен сақтандыру полисіне қол қою туралы шешім қабылдайды.

Азамат Керімбаев келер жылы нарықта күтілетін басқа да өзгерістерге тоқталып өтті.

«Біріншісі – автокөлікті сақтандыруға қатысушылардың жабық тізімін енгізу. Бұл өз көлігін белсенді пайдаланатын және сақтандыру компаниялары үшін ең тиімсіз жүргізушілер реттеушінің назарында болуы үшін қажет. Көбінесе бұл санатта такси компанияларының такси жүргізушілері», – деді ол.

Реттеуші кеңейтілген әрекеттер полисін енгізуді жоспарлап отыр. Ол дегеніміз – бір көлікті бірнеше адамға жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл полистің бағасының өсуіне әсер етеді және сақтандыру компаниялары үшін өнімнің тиімсіздігін басқаруға көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *