КЕРЕК КЕҢЕС: ИНТЕРНЕТ БАЛАЛАР ҮШІН НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

Жазғы демалыс алдында интернеттің балалар үшін несімен қауіпті екенін талдап, Полиция ата-аналарға кеңес берді.

«Оң-солын» дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әр түрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің «жаңа досына» банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін.

Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар. Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалады. Полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

– Баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;

– Егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз;

– Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз;

– Балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;

– Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;

– Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;

– Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз.

– Өзіңізге және балаларыңызға сақ болыңыз, – деді ІІМ ата-аналарға үндеу жасап.

Интернет әлемді түбегейлі өзгертті. Pew Center жұмысының нәтижелері әрбір төртінші ересек адамның үнемі дерлік желіде болатынын көрсетті. Дүниежүзілік желіде өткізілген уақыт миға үлкен әсер етеді, нәтижесінде мидың үш саласында бірден және тұрақты өзгерістер болады.

Зерттеу сонымен қатар әлеуметтік желілердің әртүрлі жастағы адамдарға әсері қарастырылды. Сонымен, үнемі алаңдаушылық пен ақпаратқа жылдам қол жеткізу балалар мен жасөспірімдерде мидың дамуында проблемаларға әкелуі мүмкін. Бұрын жарияланған зерттеулер сонымен қатар сандық көп тапсырманың зейінге теріс әсерін анықтады және желіде жиі болу кішкентай балалардың сөйлеуін кешіктіретінін анықтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *