ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ

Министрліктің хабарлауынша, осы саладағы негізгі ба­сым­­дықтың бірі – білім деңгейі мен экономикалық әлеуетті арттырып, Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с-дан астам сапалы және қолжетімді интернетпен қамту. Сондықтан бұл тұрғыда «Қолжетімді интернет» – іргелі ұлттық жоба. Шағын және орта байланыс операторларын қолдау стратегиясы жоғары жылдамдықты интернетті 400 мың үй шаруашылығына жеткізуге және азаматтар үшін цифрлық техно­логияларға қолжетімділікті айтар­лық­тай жақсартуға мүмкіндік береді. Интернет игілігін арттыру – заман талабына айналуда. Осы орайда интернет игілігін арттырудың тиімділігі жөнінде сала мамандарының айтқан пікірін арқау етіп, өңір тұрғындарының назарына танымдық мақаламызды ұсынып отырмыз.

Мысалы, шалғайдағы және халқы аз ауыл­­­дарда электр бағаналары бойынша же­лі­­лер тартылып, жағдай жасалынбақ. Бұл оларды интернетке қосуды жеделде­туге және шалғайдағы ауылдарға ин­тер­нет-провайдерлерді кеңейту және жақ­сар­­туға, шағын және орта байланыс опе­ра­­­тор­ларын субсидиялауға мүмкіндік бе­ре­ді.

– Біз осы жобаны іске асыру арқылы біршама нәтижеге қол жеткізуді жос­парлап отырмыз. Министрлік салалық мемлекеттік орган ретінде Қазақстанның барлық халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатын көздейді. Яғни басты мақсат – 2027 жылға қарай, ауыл­дарда дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу, бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға көмектеседі. 2027 жылы жоба аяқталғаннан кейін кемінде 2,3 млн ауыл тұрғыны жылдамдығы 100 Мбит/с құрайтын Интернет желісіне қол жеткізу арқылы жоғары жылдамдықты байланыс инфрақұрылымына қосылады, – деп түсіндірді Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов.

Бүгінде елімізде 90-ға жуық орта және шағын оператор жұмыс істейді. Олардың ішінен шағын және орта операторлар қауымдастығы құрылды. Осы шағын және орта байланыс операторлары саланың телекоммуникациясын және нарықта саламатты бәсекелестікті дамытудың тірегіне айналып отыр. Министрлік осы операторлардың дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, шешуі қажет. Ғарыш саласы, операторлар мен байланыс инфрақұрылымын дамыта алсақ, цифрлық теңсіздіктен құтылудың ауылы алыс емес.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *