ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТАСУДА

Енді Түркістан тұрғындары Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Қараша айының 4-жұлдызында  өңірімізге арнайы келген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын.  Бұдан соң БҰҰ Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопрак және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен бірге шетелдерде жұмысқа орналастыруды оқытатын «Алдын ала даярлық орталығының» салтанатты ашылуына қатысты. Орталық жұмыс іздеушілерге мағлұматтар мен кеңестер беру, тіл үйрету, қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз ету, сапарға дайындау, тәжірибе арттыру, жалпы жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылды.  Ал 13 қарашадан бастап шаһардағы қоғамдық көліктерде төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын құрылғылар орнатылды. Солардың бірі – «AlemРay» электронды төлем жүйесі. Жауапты сала өкілдері жолаушылардың электронды түрде төлем жасауы бұл – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы екенін айтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *