КЕРЕК ДЕРЕК: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ — 2

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет.

Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің мониторингі мен сараптамасы үшін ақпараттық жүйелері пысықталып, Қордың «SAQTANDYRY» ақпараттық жүйесінің төлем бөлігі әзірлену үстінде. Осыған байланысты нақты көрсетілген жұмыстардың аяқталу қорытындысы бойынша медициналық қызметтер қаржыландырылатын болады.  Жағдайды ескере отырып, алдын ала төлем көлемін стандартты 30%-дан 70%-ға дейін, ал медициналық қызметтерді жаңа жеткізушілер үшін 30%-ға дейін (олар бойынша осыған дейін алдын ала төлем берілмеді, төлем жасау мүмкіндігі үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді) арттыру жөнінде шаралар қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *