ТҮРКІСТАН: САУАТТЫ ТҰТЫНУШЫ БОЛУ — МАҢЫЗДЫ ШАРТ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының сөзінше, шын мәнінде интернет-дүкен арқылы сатып алынған тауарларды қайтару оңай, тек барлық ережелерді сақтау керек. Біріншіден, біздің елімізде интернет арқылы сатып алулар келесі заңнамалық актілермен реттелетінін білу қажет:

Тапсырыс. Тапсырыс интернет-дүкеннің сайтында құрылады. Яғни осы тапсырыс сатып алу – сату келісімі болып табылады. Онда сатып алынатын тауардың барлық мінездемесі, оның бағасы, қызмет мерзімі мен жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі, төлеу әдісі мен жеткізудің түрі көрсетіледі. Тауар пошта немесе курьерлік қызмет арқылы сатып алушыға жеткізілгенде онымен бірге жазбаша түрде тауар арқылы ақпарат жеткізіледі. Егер тауар әлі жеткізілмесе, сатып алушы одан кез келген уақытта бас тарта алады.

Тауарды айырбастау және қайтарып алу. Бұл жағдайлар тауар пайдаланылмаған болып, оның тауарлық өңі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық затбелгісі, сатып алушыға тауармен қоса берілген тауарлық немесе кассалық чегі сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Егер сізде бұл құжаттар болмаса, сатып алу фактісін басқаша дәлелдей аласыз. Сондықтан сатып алғаннан кейін шот-фактура, орамасын (егер сіз тауарды қайтаратын болсаңыз, ол міндетті түрде керек болады), төлем чектерін лақтырмаңыз. Интернет-дүкен сайтындағы тауарды сату және қайтару ережелері бар беттің және сатып алу көрсетілген сіздің жеке кабинетіңіздің скриншотын жасауға да болады. Егер сіз сотқа дейін жеткен жағдайда бұл көмек беруі мүмкін.

Қайтаруға болмайтын тауар түрлері де бар, әрине, егер ол сапалы болып, өзінің мінездемесіне толық сәйкес болса. Бұл сіз үшін ғана жасалған, сіз ғана пайдалана алатын ерекше тауар, мысалы тапсырыспен тігілген киімдер.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *