
Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен қатар, оны пайдаланушылардың да саны күннен күнге артып келеді. Бұл тұрғындардың ғаламтор арқылы ала алатын қызметтерінің де дамып келе жатқандығын көрсетеді. Ал ғаламтордағы қызмет түрлерінің ең танымалы бұл интернет-дүкендер арқылы сатылымдар, онда барлығы да бар: аяқ киім, азық-түлік, автокөліктер, үйлер, косметика, ыдыс.
Интернет-дүкендер неліктен осыншама танылған? Себебі онда сатып алу оңай. Интернет-дүкен – өзінің мәні бойынша бұл тауарлардың электронды катологы. Бүкіл тауарлар сипатталған, толық мінездемелерімен қамтамасыз етілген, түрлі ракустерден жасалған фотосуреттері бар, бағасы көрсетілген. Онда сізге қажет затты өзіңіз іздейсіз, тапсырысты рәсімдейсіз және курьер немесе пошта арқылы жеткізілген тауарды аласыз. Жеткізудің түрін де өз бетіңізбен таңдай аласыз.
Интернет-дүкеннің кәдімгі дүкендермен салыстырғандағы зор артықшылығы – бағасы мен қажет мінездемесі бойынша сай тауарды табу жеңіл. Ештеңені де жазып алудың немесе есте сақтаудың қажеттілігі жоқ, тек тауарды таңдау мәзірінде бағалар диапазоны мен қажет сипаттамаларын енгізіп, іздегеннің тізімін аласыз. Таңдауыңызды жасау ғана қалады. Одан бөлек сіз кассада кезекте тұрмайсыз, сатылымды рәсімдеуді күтпейсіз, сіз өзіңіз тапсырыңызды оп-оңай рәсімдейсіз.
Онлайн сауданы дамытуда кедергілер бар. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың аздығын алға тартады. Лицензия алудың өзі – күрделі процесс. Маркетплейсті құруға қыруар қаржы кетеді. Ол әзірге субсидияланбайды. Қазір елде кәсіпкерлер үшін салықты жеңілдету мәселесі пысықталып жатыр. «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» заңға да өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Оған сай жауапсыз кәсіпкерлерді әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартып қана қоймай, электронды алаңнан шығарып жіберуі де мүмкін. Үкімет өзге елдермен онлайн сауда айналымын дамытуға мүдделі. Бұл бағытта тараптар меморандумдарға қол қойып жатыр. Демек отандық компаниялар да әлемдік маркетплейстерден орын алып, өнімдерін ұсына алады. Әрі оның жылдам жеткізілуіне мүмкіндік туады.