
Көпшіліктің ойында «Күнделік» тек қана электронды журнал ретінде қалыптасқан болуы мүмкін. Бірақ «Күнделік» – бұдан әлдеқайда кең ауқымды жоба, білім беруді жаңа деңгейге көтеретін қазақстандық цифрлық платформа. Бұл бағалау жүйесінің ашықтығын арттыруға көмектесіп, сонымен қатар оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасындағы байланысты жеңілдетеді. Қазақстанның білім беру үдерісіне электронды күнделікті енгізу заманауи және қолжетімді білім беру ортасын құрудағы алға жасалған қадам. Бұл әкімшілік процедураларды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар өскелең ұрпақтың цифрлық дағдыларын дамытуға көмектесіп келеді. «Kundelik.kz» – оқу мен дамудың жаңа көкжиектерін ашатын дәстүрлі білім мен жаңа технологиялық шешімдер арасындағы көпір. Еліміздегі электронды «Kundelik.kz» жүйесі оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалау процесін жеңілдетіп, оқушының оқуға деген ынтасын арттыруға көмектесіп, үлгерімін бақылауға септеседі. Мұғалімдер үшін Kundelik.kz сабақты тиімді жоспарлауға және оқу материалын басқаруға мүмкіндік беріп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда «Күнделік» жүйесі еліміздің білім беру саласында үлкен маңызға ие. Оның тиімділігі мен қолжетімділігі әрбір пайдаланушы үшін оқу процесін жеңілдетіп, сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Платформада 690 млн аса сабақ бар
Соңғы сегіз жыл ішінде «Kundelik.kz» жүйесі оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып, миллиондаған оқушы мен ата-ана үшін сенімді электронды күнделікке айналды. Іске қосылған сәттен бастап платформа 3,5 миллионнан астам оқушыны тіркеді. Бүгінде «Kundelik.kz» электронды күнделігі 690 миллион сабақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен серіктесте платформада оқу бағдарламасына сай келетін 15 мыңнан аса бейне-сабақ