КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Жасанды интеллект саласын дамытуға өңірлерде алғашқы қадамдар жасалуда. Жуырда Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ара­сындағы ынтымақтастық аясында уни­верситет жанынан жасанды инттеллект мектебі ашылды. Алдағы уақытта оқу орнында жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика мамандары да даярланбақ. Қорқыт ата атындағы Қызылорда универси­тетінің құқық институты директоры Нұрлан Құлмырзаев ең бастысы жасанды зердені адамзат игілігіне пайдалана білуіміз керек деген пікірін білдірді.

– Бұл туралы ел Президенті де атап айтты. Жасанды интеллект – жақсылыққа да, жамандыққа да қолдануға болатын күшті құрал. Ең бастысы, жауапкершілікпен және этикалық тұрғыдан пайдалану маңызды. Жасанды интеллект адамдардың өмірін жақсарту үшін пайдаланылуы керек. Мә­селен, елдегі кедейшілік, ауру, климаттың өзгеруі сияқты жаһандық мәселелерді шешу үшін қолдану қажет. Мәселен, медицинада жасанды интеллект дәрігерлерге көмекші бола алады. Деректерді жинау және талдау нәтижелерін талдау сияқты күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ дәрігерлерге кеңес беру арқылы емдеу сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Осы орайда жасанды интеллект саласын басқару үшін қолдануға болатын нақты принциптерді атап айтықым келеді. Бірінші, қауіпсіздік. Жасанды интеллект адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек. Екінші, этика. Бұл моральдық принциптерге сәйкес қолданылуы керек. Үшінші, ашық­тық. Адамдар жасанды интеллект қалай жұмыс істейтінін және шешімдердің қалай қабылданатынын түсінуі керек. Төртінші, жауапкершілік. Адамдар жасанды интеллектпен байланысты әрекеттері үшін жауап беруі керек. Осы қағидаларды ұстана отырып, біз жасанды интеллектің адамзаттың игілігі үшін қолданылуын қамтамасыз ете аламыз, – дейді Нұрлан Құлмырзаев.

Қалай айтқанда да, жасанды ақыл-ой технологияларының дамуы – уақыт талабы. Ал оны тиімді пайдалану адам баласын әрдайым оқып, жаңаны үйренуге тиіс екенін көрсетіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *