КЕРЕК ДЕРЕК: ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

Жасанды ақыл-ой технологияларын қалай қолдану керек? Бұл орайда тағы да маман пікіріне сүйендік. Осы орайда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және құқық институты директоры, экономика ғы­лымдарының кандидаты, «Қазақстан ІТ ма­мандар ассоциациясы» ЖШС директоры Нұрлан Құлмырзаевтың пікірін білдік.

– Шынында, жасанды интеллект жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі ықтимал. Себебі қазіргі уақытта адамдар орындайтын көп тапсырманы технология орындайды. Бұл өнді­ріс, көлік және тұтынушыларға қызмет көр­сету сияқты салалардағы жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәлі­меті бойынша, 2025 жылға қарай әлемде автоматтандыру әсерінен 85 миллион жұмыс орны жоғалуы мүмкін. Қазақстанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктрлігінің дерегі бойынша 2030 жылға қарай автоматтандыру нәтижесінде 1,5 миллион жұмыс орны жойылуы мүмкін. Дегенмен жасанды интеллект жаңа жұмыс орнын құра алатынын ескеру керек. Мысалы, жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажет. Сондай-ақ бизнес пен кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер жасай алады, – дейді ол.

«Oxford Insights» компаниясы «Үкіметтің жасанды интеллектке дайындық индексі-2022» зерт­теуін жариялады. Бұл зерттеуде әлем елдері үкіметтерінің мемлекеттік қызметтерді ұсы­нуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізуге дайындық көрсеткіштерін бағалаған. Зерттеу қорытындысы бойынша жасанды интеллект саласын мемлекеттік қызметте тиімді пайдалануда АҚШ көш бастаса, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония алғашқы ондыққа енген. Қазақстан –72, Әзербайжан –74, Өзбекстан – 79 орынды иеленген. Соңғы орындарда Сирия, Ауғанстан елдері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *