Ұсынылған ҚҚС 20% пайыз деген тым жоғары

ҚҚС мөлшерлемесін саралау және салық-бюджет реформасын жүргізу – Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін маңызды қадам. Мемлекет басшысының бұл бастамасы бизнеске түсетін салықтық жүктемені әділ бөлуге, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі біркелкі ҚҚС мөлшерлемесі шағын және орта бизнеске ауыр тиіп, тұтынушылар үшін бағаның өсуіне ықпал етіп отыр. Сараланған жүйе енгізілсе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге төмендетілген мөлшерлеме қолданылып, бизнес үшін салықтық ынталандырулар қарастырылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде халықтың сатып алу қабілетін сақтап, экономиканың әртүрлі секторларының дамуына серпін береді.

Салық-бюджет реформасы да мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, бюджеттік шығындарды тиімді басқаруға көмектеседі. Дұрыс жоспарланған реформа инвестициялық климатты жақсартып, кәсіпкерлердің сенімін арттыра алады.

Дегенмен, реформалардың сәттілігі олардың қалай жүзеге асатынына байланысты. Бизнестің нақты қажеттіліктері ескеріліп, жаңа салық саясаты ашық әрі әділ болуы керек. Осы ретте бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескеру маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *