Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл, Сауран ауданының құрылғанына 4 жыл толуына орай облыстық «Дара дауыс» ән байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – Сауран ауданынан шыққан ақындар мен композиторлардың шығармаларын насихаттау.
Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегманов, әнші-композитор Сауранбек Елеуов, композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі, ұстаз-ақын Санжар Ғұлама, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Сайлаухан Жоланов, әнші-композитор Шерхан Әлібеков, композитор Алмас Мұхтарұлы, сазгер-ақын Асқар Жұмабайұлы, сазгер Аслан Жүнісов сынды өнер иелерінің шығармалары дәріптелді.
Түркістан облысының 17 ауданынан келген ең үздік үміткерлер бақ сынаған бұл байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Сауран ауданының ақындары мен композиторларының әндерін орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы конкурстық әндерін ұсынды.
Байқау жеңімпаздары:
• Бас жүлде – Шардара ауданы, Изгали Динара Мадраймқызы;
• I орын – Мақтаарал ауданы, Әшірбай Нұркен Жұмабайұлы;
• II орын – Төлеби ауданы, Ағабек Бақдәулет Мырзаханұлы;
• III орын – Сауран ауданы, Төлемісов Нұрсұлтан Мұхаматаминұлы;
• III орын – Жетісай ауданы, Еркебай Құдайберген Қалықұлы;
Арнайы номинациялар:
• Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесі – Созақ ауданы, Шарапов Мухриддин Азмудинұлы;
• Қасымхан Бегманов атындағы номинация – Отырар ауданы, Нысан Дінмұхаммед Бүркітұлы;
• Сауранбек Елеуов атындағы номинация – Ордабасы ауданы, Түкен Мырзахмет Бақытжанұлы;
• Бекжігіт Сердәлі атындағы номинация – Түркістан қаласы, Сүлейменова Жасмин Нұрболатқызы;
«Дара дауыс» байқауы жас таланттарға шабыт беріп, өңіріміздің өнерпаздарына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды шара болды. Ұйымдастырушылар мұндай байқауларды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.