Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

 

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:
?тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
?археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
?тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
?қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
?археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
?мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
?қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
?тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
?мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
?туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

1740978249 E1b008fc4dcf0eee998324bf2b9848e4

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *