10 сәуір 2025 жылы Ақордада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көрнекті ғылымдарын ғылым күні қарасаңында жоғары марапаттармен марапаттады.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары елімізде ғылымды қаржыландыру үш жарым есеге өскенін баса айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі таңда ғылым университеттердің қабырғасында жүргізілетін де айта кетті. Жас ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдау жүйелі жүргізіліп жатқандығын және жастардың жаппай ғылымға бет бұруға деген ынтасы артқандығын да айтып өтті. Қазіргі геосаяси алмағайып уақытта ғылымды дамытып көтеру арқылы ғана тұйықтан шыға алатынымызды ғалымдарға нұсқау жол ретінде көрсетті. Жалпы мемлекет басшысының ғалымдармен жүздесуі әсерлі де ашық және жоғары деңгейде өтті.
Н.С.Жетібаев,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.