Кеден ісі бойынша кадр даярлаудағы көшбасшы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанда алғаш болып «Кеден ісі» мамандығы бойынша жоғары білім беруді бастаған жоғары оқу орны. Университет аталған білім беру бағдарламасы бойынша FIBAA халықаралық аккредитациясынан сәтті өтіп, қазіргі таңда Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше елдерде аккредитация рәсімін жалғастыруда. Бұл өз кезегінде түлектердің дипломдарының халықаралық деңгейде мойындалуына мүмкіндік береді.

Білім беру үдерісі күндізгі және қашықтан оқыту форматтарында ұйымдастырылған. Кеден саласы мамандарына сұраныс тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар логистикалық компаниялар мен кедендік брокерлік ұйымдарда да жоғары. Осы уақытқа дейін университет 15 жыл ішінде еліміздің кеден жүйесінде табысты еңбек етіп жүрген жүздеген кәсіби мамандарды даярлап шығарды.

ҚазҰУ-дың артықшылықтарының бірі – заманауи талаптарға сай әзірленген авторлық оқу курстары, инновациялық оқыту әдістері, шетелдік тағылымдамаларға шығу мүмкіндігі мен академиялық ұтқырлықты дамыту. Университет шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан, бұл өз кезегінде білім алушылардың көкжиегін кеңейтіп, кәсіби даму жолында үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Студенттер оқу барысында кеден органдарының аналитикалық және басқару құрылымдарында, сондай-ақ ірі көлік-логистика компаниялары мен кеден брокерлерінің базаларында кәсіби тәжірибеден өтеді. Бұл тәжірибе олардың теориялық білімін нақты жағдайларда қолдануға үйретіп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден ісі саласында сапалы білім беруді жалғастырып, Қазақстанның кедендік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Куандыкова Э.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

PhD докторы, аға оқытушы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *