ЖАС ҒАЛЫМДАР  МЕН  ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕЛІ ЖҮРУДЕ

 

«Жастар – біздің болашағымыз. Ақпараттық технологиялар қарыштаған ХХІ ғасырда жас маманның алған білімін ғылыммен ұштастырылуы да күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан жас ғалымдарды жаңа бағыттарға баулу да назардан тыс қалмаған.

Бұл ретте, Түркістан қаласында орналасқан ХҚТУ мен Young Researchers Alliance кеңесімен Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

2023-2024 жж оқу жылында өткен Студенттердің XХХ ғылыми-теориялық конференция бағдарламасына сәйкес 32 секцияда 1039 студент баяндама жасады (бұл 12%-ды құрайды). Конференцияның нәтижелері ғылыми бағыттары бойынша 181 ғылыми жұмысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу конкурсына жіберу жоспарланды. Сондай-ақ ғылыммен айналысуға ынтасы бар және осы конференцияда жүлделі орындарды иеленген жастардың еңбектерін «Жас ғалым» атты ғылыми жинаққа жариялау жыл сайынғы дәстүрге айналған. Осы орайда, 3 білімгер 2021 жылғы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының студенттік шәкіртақы иегері атанса, 12 білімгер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі  Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жеңімпазы болды. Ал, 2022-2023 жж оқу жылында 5 білімгер  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының студенттік шәкіртақы иегері атансып, 9 студент министрліктің  Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жеңімпазы болды.  Ал, биылғы 2023-2024жж оқу жылында  19 студент Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, университет жас ғалымдарына ғылыммен айналысуға барынша мүмкіндік жасау мақсатында үстіміздегі жылғы наурыз айында университеттің «Постдокторантура бағдарламасының» Ережесі Сенат мәжілісімен бекітіліп, 2023-2024 оқу жылында алғашқы подстдокторантура бағдарламасына қабылдау жүргізу басталды, Сенат (Ғылыми кеңес) шешімімен алғашқы 32 доктарантқа подстдокторантура стипендиясын қарастырылды.

Жас ғылымдар соңғы жылдары көптеген ғылыми жобалар конкурсына қатысып, нәтижелі зерттеулерге қол жеткізуде. Атап айтқанда: жас ғалым И.Айымбетова Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің  құны 51 000 000 т. «Smart-шыны өндірісі үшін өнеркәсіп қалдықтарынан алынған ванадий оксидтері негізінде термохромды энергия тиімді толтырғыштардың құрамын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы гранттық жобасын ұтып алып, зерттеу жүргізіп 2023 жылы толық игеріп шықты. Жас ғалым Б.Сыздықов «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жобасына -145 800 000 т., Музафар  Гурсой «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбындағы зерттуіне 2021 жылы 49 074 084,31 т.  көлемінде гранттық қаржы ұтып алып, 2023 жылдың қараша айында Ғылым комитетіне зерттеудің есебін тапсырды. Жас ғалыым А.Балтабева «Ұлы Жібек жолы сопылық тарикаттар мұрасының қазақ қоғамы мәдени кеңістігіне интеграциясы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына — 64 258 057 т. гранттық қаржыны игеріп, зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Жаратылыстану ғылымы бағытына келер болсақ, жас ғалым Б.Сейітов «Ядролық өнеркәсіпте қолданылатын цирконий қорытпасын гидрленуден және жоғары температуралы тотығудан қорғауға арналған композициялық металл-керамикалық жабын жасау» (құны-74 128 392),жас ғалым Е.Досымов «Индустрия 4.0» жағдайында STEM білім беру негізінде студенттердің шығармашылығын дамыту» тақырыбында (құны — 46 302 299) орындап шықты.Зерттеуші Ә.Құрбаниязов «Каспий теңізінің қазақстан секторындағы жағалау аймақындағы судың гидрофизикалық режимі, экологиялық жағдайы және сапасы» (құны -75 000 000 т.), жас ғалым З. Илиясова «Орталық Азияның тарихи географиясы» (құны -69 000 000 т.), жас ғалым Қ.Базарбаев «Түркі тілдес мемлекеттердің тарихи-мәдени ықпалдастығын қалыптастырудың саяси, құқықтық тәжірибесі және даму бағыттары» тақырыбындағы ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша конкурс жеңімпазы атанып, құны -61 047 010 гранттық қаржыны игерді. Жас ғалым Ш.Раманкулов «Инженерлік-техникалық салаларда steam білім беру негізінде студенттерді ағылшын тіліне дайындау үрдісін дамыту» тақырыбында 30 630 464,84 т. — гранттық қаржыны 3 жылда игеріп шықты. Сонымен қатар,  жас ғалым Нұрдана Салыбекова 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау эксклюзивті түрлері мен сұрыптарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы (құны -77 418 983,16 т.)      гранттық жобасы орындалуда.  Жобаның негізгі мақсаты қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекция үшін бастапқы материалдар коллекциясын жасау, оларды жедел көбейтудің тиімді әдістері, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы ашық және жабық топырақ жағдайында өсірудің бәсекеге қабілетті, ғылыми негізделген инновациялық технологиясын бейімдеу және іс жүзінде енгізу арқылы Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту болып табылады.

Медицина саласы бойынша да жетістікке жеткен университет ғалымдары аз емес. Солардың қатарында  Г.Нұсқабаевның «10 жылдық проспективті зерттеуде метаболикалық синдромы бар науқастардың тамақтану ерекшеліктерін, өмір салтын  және комплаенттіліктің генетикалық аспектілерін зерттеу» (құны -91 225 246,00 т) М.Алчинбаетың «Ерте диагноз қою мақсатында несептас ауруына тəн метаболиттердiң спектрi мен пайыздық үлесiн анықтау» тақырыптарындағы (құны: 96 178 251 000 т) жобаларды айтсақ артық емес. Бұл зерттеулердің барлығы да пракатикалық тұрғыдан өмірге, өндіріске енгізіліп өз нәтижесін беруде. Өз кезегінде біздің ғалымдардың зерттеулері Түркістан облысы аумағында өндірісте сынамалардан өткізіліп нәтижесін беріп жатыр.

Без имени

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *