ТҮРКІСТАН: 25 ЖЫЛДЫҚ БЕЙНЕТТІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРУДЕ

 

Божакаева Мария Шәкірқызы 1947 жылғы 8 тамызда Кентау қаласында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепті бітіргеннен соң, Мария Шәкірқызы азық-түлікпен қамтамасыз ету дүкенінде 6 ай істеп, кейіннен Кентау экскаватор зауытына оператор қызметіне ауысады. Зауытта экскаватор бөлшектерін балқытатын цехтарға мазут беретін насосты станоктың қысымын бақылаған. Бір мекемеде 25 жыл бойы қызмет еткен Мария апай сол жерден құрметті демалысқа шығып, бейнетінің зейнетін көруде. Қазіргі таңда 2 қыз, 2 ұлдан 11 немере, 2 шөбере сүйіп отыр.

Әкесі Қарақұлов Шәкір де бір мекемеде яғни, Өрт сөндіру бөлімінде 40 жылдан аса қызмет етіп, кейіннен кен байыту фабрикасына ауысып, зейнеткерлікке шыққан. Ал анасы Уәлиханқызы Қатира соғыс уақытында жас болса да үлкен кісілермен бірдей мөлшерде мақта теріп, еңбек еткен.

Мария Шәкірқызы зауыттағы ерен еңбегінің арқасында бірнеше рет алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, «Құрмет» тақтасына ілінген. Жұмысқа қойылған қатаң тәртіптің арқасында жақсы нәтижелерге жетіп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласа бастаған. Қазіргі таңда Соғыс ардагерлері хорының белсенді мүшесі.

“Біздің кезімізде тәртіп қатал еді. Жұмыстан 1-2 минут кешігу деген болмайтын. Кешіксек премиямызды кесіп, жиналысқа салатын. Сыйақы үшін талаптанып, тырысатынбыз. Ал «Ардагерлер хорына» Зоя Сергеевна Хитрик басқарған кезде келіп, хормен ән айта бастадым. Бұрынғы кезде хорда 35-40 адамдай болатын, ал қазір 27 адам бар. Ең үлкеніміз қазір сексеннен асқан. Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында аптасына 2 рет дайындыққа барып, ән айтып, қаламызға кішкентай да болса өзүлесімізді қосып жүрген жайымыз бар”,-дейді Мария апай.

Ардагерлер хоры Кентау қаласында және оған қарасты ауылдарға барып, өз концерттерін қойып, мерекелерде ән айтып, өз үлестерін қосуда. Жуырда Ащысай ауылына барып, концерт өткізуді де жоспарлап отыр. Ардагерлер хорының ішінен құрылған «Асыл ана» ұлттық хоры өткен жылы Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда өткен облыстық байқауға қатысып, І-орынды иеленіп, қала мәртебесін бір асқақтатқан болатын.

Мария Шәкірқызы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, «За помощь и поддержку ветеранскому движению» төсбелгісімен және қала әкімі мен мәслихат хатшысының Алғыс хаттарымен марапатталған. Міне осындай өз жұмысына махаббатпен қарап, сүйіспеншілікпен адал еңбек еткен алдынғы буын өкілдерін көріп қызығатынымыз жалған емес. Десекте, қазіргі таңда осындай өз жұмысына деген адалдықты жалау еткен қызметкерлер де жоқ дей алмаймыз. Ендеше, «адалдық» деген сөздің тек адамға ғана емес, қызметке де керектігі туралы оқи отырыңыз. Сонымен… 1.«Адал азамат» ұғымын қалай түсінесіз? 2. «Әр азамат жұмысын адал және әділетті атқарса, қоғамда жемқорлық орын алмайды» деген пікірмен келісесіз бе? 3. Сіз қарамағыңыздағы жұмысшыларыңызға қаншалықты құрметпен қарайсыз? 4. Сіз өз қызметкерлеріңіз үшін не істей алдыңыз?

–Адалдық ұғымының мағынасы кең. Адал жұмыс істеу адамның өзіне тікелей байланысты. Адалдық шындық ұғымымен астасып жатыр. Адам болғасын мінез де әртүрлі. Рас, адам мінезді болуы керек. Негізі көркем мінез ғана адамның парасаттылығын айқындайды. Өзімшілдік – адамды бұзатын пиғыл. «Менікі ғана дұрыс» деп, өктем пиғылдық мінез көрсеткен басшының әрекеті жақсылыққа апармайды. Қоғаммен санасу керек. Санасқан басшы ғана саналы, шешімі дұрыс әрекетке барады. Көптің пікірін, қоғамның талқысы мен көзқарасын да ескеріп отыру керек. Сонда ғана адалдық, әділдік, әділеттілік салтанат құрады. Отбасы – шағын мемлекет дейміз. Мекеме, ұжым да сондай. Мұнда әртүрлі мінез, кереғар пікір де кездесіп жатады. Бірақ талап ортақ: бірлік бар жерде тірлік бар. Ортақ жұмыс пен түсіністік қана нәтижеге қол жеткізеді.  «Ең әуелі өз-өзіңе адал бол.Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың. Ұлы бітімгердің бәрі білікті, адал, сыпайы адамдар болған», деген екен Нельсон Мандела. Дұрыс сөз. Бірақ өмір болғасын адам баласы­ның бойынан адалдыққа тән емес әрекеттер де байқалып жатады. Оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ жұмысын кәсіби тұрғыдан істеген адал азаматтың жүзі жарқын, көңілі шат болады. Ол дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Адал өмір сүрген өзіңе де жақсы. Мұны әркім түсіне білге тиіс.

  1. Жалпы менің жұмысым, яғни бар кәсібім бір көшенің бойында орналасқан. Сондықтан ең алдымен көшенің тазалығына көп көңіл бөлемін. Таң атқаннан көлігіме тіркемемді тіркеп алып, қоқыс немесе қағаз қалдықтары жатса, ерінбей бастан-аяқ өзім жинап шығамын. Мұндағы айтпағым не? Тазалық алдымен адамның өзінен басталуға тиіс. Қызметкер де, жұмысшы да басшыға қарап өседі. Мекеменің жетекшісі адал азамат болса, қарамағындағылар да соған қарап бой түзейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *