АҚШ, Украина және Ресей кездесуі Будапештте өтуі мүмкін



Ақ үйдің ресми өкілі Вашингтон, Мәскеу және Киев арасындағы үш жақты кездесудің Будапештте өтуі ықтимал екенін мәлімдеді. Президент Дональд Трамп бұл мәселені Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы талқылаған.

Трамптың айтуынша, Будапешт Ресей мен Украина басшыларының келіссөзіне қолайлы орын бола алады. Себебі Орбанның Мәскеумен байланысы тығыз, ал Мажарстан Ресей үшін халықаралық соттың айыптауларынан қауіпсіз аймақ саналады.

Дегенмен Украина тарапы бұл ұсынысқа келісім берді ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Сарапшылар мұндай кездесу қақтығысты тоқтатуға серпін беруі мүмкін деп бағалайды. Ал нақты уақыт пен күн тәртібі жақын күндері белгілі болмақ. Бұған дейін Зеленский мен Путин кездесуін тамыздың соңына дейін өткізу ұсынылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *