2030 жылға дейін әуе паркі қосымша 103 ұшақпен толығады

Бүгінгі таңда Қазақстанда әуе кемелерінің паркі – 104 бірлік. Оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар.

Үкіметтің хабарлауынша, 2030 жылға дейін парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады, бұл 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады.

Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды жүзеге асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *