Қазақстан төлқұжатының жаңа дизайны әзірленіп жатыр

Бұл жұмыстар биылғы ақпанда басталған. Оған Ұлттық банктің дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының мамандары тартылған. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді.

Жаңа төлқұжат:
🔹минималистік стильде дайындалады;
🔹визалық беттерде фондық суреттер болады;
🔹жаңа қорғаныш элементтері енгізіледі.

Қазір төлқұжаттың тұжырымдамалық жобасы дайын. Келесі кезеңде сынақ үлгісі әзірленбек.

❗️Қолданыстағы төлқұжат жарамды болып қала береді. Дизайны жаңартылған төлқұжат бұрынғы құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде, бүлінгенде немесе азаматтардың қалауы бойынша ғана рәсімделеді. Құны – өзгеріссіз.

Қазіргі төлқұжат үлгісі 17 жылдан бері қолданыста.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *