ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

 Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Әлеуметтік сауда орнында» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және өндірушілердің өнімдерін тікелей делдалсыз сату тізбегін қалыптастыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі әр аптаның жұма күні өткізілуде.
Жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Жәрмеңке барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер аудан тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарқын төмендетілген бағада ұсынды.
 Жәрмеңкеге картоп – 180теңге, пияз – 90 теңге, сары сәбіз – 170 теңге, тұріп — 180 теңге, қызылша – 170 теңге, тұрып – 180теңге, қырыққабат – 180 теңге өнімдері шығарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *