Түркістан облысы, Кентау қаласында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретін жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жаңа спорт нысаны 250 орынға арналған заманауи кешен болмақ. Екі қабатты ғимаратта түрлі спортқа арналған залдар қарастырылған. Атап айтқанда, көркем гимнастика, бокс, жаздық және қысқы жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар кабинеті және басқа да қосымша бөлмелер орналаспақ.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс нысанына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Қала әкімі жауапты мекемеге құрылыстың сапасына ерекше назар аударуды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда нысанның іргетасын құю жұмыстары аяқталу сатысында. Құрылыс толықтай 2026 жылы аяқталып, қала тұрғындарының игілігіне берілмек.
