ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ САБАҚТА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН ОТЫРАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киімді тек мереке кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де киюді әдетке айналдыру қажеттігін айтқан болатын. Осы бағытта Түркістан облысындағы бірқатар білім беру ұйымдары қазақы нақыштағы киім үлгісіне көше бастады. Солардың бірі Түркістан қаласындағы «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында салынған №32 мектеп. Қазіргі таңда білім ордасында 2 100 оқушыға 172 мұғалім сабақ береді. Мектеп ұжымы ұлттық құндылықтарды дәріптеу бастамасын ерекше ықыласпен қолдап отыр.
– Заманауи стандарттарға сай білім ұясына қазақы нақыштағы мектеп киім үлгісін енгізу ойымызға келді. Бұл бастаманы ата-аналар да бірауыздан қолдады. Ең бастысы, бұл қадам — балаларымыздың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақы болмысты жандандыруға септігін тигізеді. Тіпті, оқушыларымыз үзіліс кезінде де ұлттық ойындар ойнайды, – дейді мектеп директоры Айгүл Абайқызы.
Ұстаздар қауымы да бұл бастамадан шет қалмай, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында әр аптаның жұма күндері ұлттық киіммен сабақ өткізуді дәстүрге айналдырған. Жобаның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында ұлттық киімге деген құрметті қалыптастыру, киім мәдениеті арқылы ұлттың тарихы мен дәстүрін ұлықтау.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласындағы №24 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы білім беретін және шаһардағы №23 мектептің оқушылары да былтырдан бастап сабаққа ұлттық нақыштағы киім киеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *