ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТЕМІРЖОЛ ҮСТІ КӨПІР САЛЫНАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев Ақсукент ауылдық округіндегі Төле би және Шахабиддин көшелерін жалғайтын теміржол үсті көпір жобасымен танысты. Аталған жоба — аудан тұрғындары көптен күткен және Сайрамның көлік инфрақұрылымында маңызды рөл атқаратын нысан.
Сайрам ауданы жыл сайын өсіп, үздіксіз дамып келеді. Тұрғындар санының артуы мен экономикалық белсенділіктің күшеюі нәтижесінде көлік қозғалысы да айтарлықтай артқан. Мәселен, Ақсукент ауылдық округіне тәулігіне шамамен 6500–7000 жеңіл автокөлік кіріп-шығады. Сондықтан көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында осындай ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор. Қазіргі уақытта көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалу үстінде. Құрылысты 2026–2027 жылдары бастау жоспарланған. Көпір пайдалануға берілгеннен кейін Ақсукенттегі жол жүктемесі азайып, көлік қозғалысы жеңілдейді. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалып, ауданның көлік инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *