Түркістанда бас шыршаның шамы жағылды!

 

Түркістан қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай «Жарқыра, Жаңа жыл шыршасы!» атты салтанатты кеш өтті. Әкімшілік-іскерлік орталық алаңында орнатылған бас шырша жарқырап, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

шыршы

Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты келе жатқан 2026 жылмен құттықтады. Мерекелік кеште Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ елге танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Шырша жағу рәсімі әсерлі отшашуға ұласты.

Жаңа жыл қарсаңында Түркістан ерекше сәнге еніп, қала тұрғындары мен қонақтарына шаттық сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *