ТҮРКІСТАН: ОТБАСЫНДАҒЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ — 2

 

Ал, әжесімен әңгімелесіп отырған баланы сыртынан бақылап көрдіңіз бе? Әңгімелері қандай жарасымды! Отбасындағы бала тәрбиесінде үлкендердің ықпалы өзгеше болатынын қайсымыз болсақ та жақсы білеміз. Сондықтан да, үлкендердің осы тәрбие мәселесіндегі үлгі-өнегелеріне көбірек ден қойсақ қайтеді? Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып ержетуінің өзі дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтың өзегі іспетті.

Бізге етене таныс тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжы-рымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық бола¬ша¬ғы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпыазаматтық мәде¬ниет¬ке аяқ басып, өз халқының мәде-ни игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің тағдыры мен талап¬тବрын объективті факторлар ретінде ұсы¬нып, сол арқылы ұрпақты өмірге бейімдеп, оларды жинақталған тәжірибе негі¬зінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» деп жазылған екен. Бұған көп нәрсені алып-қосудың өзі артықтау.

Қазіргі қазақ қоғамында отбасы тәрбиесі мәселесі еңөзекті тақырып. Мәселен, ана тілін, ата тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар мен «қиын» балалар;отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; ата-аналардың бала тәрбиесіменайналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі кең етек алды.

Отбасы – шағын мемлекет, оның қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, билік және көшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге, әлеуметтік орталармен топаралық өзара әрекеттесулерге байланысты. Екіншіден, шағын әлеуметтік топ ретіндегі отбасының ерекше сипаты – жоғары аффективті қарқындылықпен және отбасы мүшелері арасындағы қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан – махаббатпен, сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда – өшпенділікпен, жек көрушілікпен, шеттетілумен байланысты. Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ отбасындағы тәрбиенің міндеті – балалардың жеке даралық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз тәрбиелеу процесі.

 

Сонымен қатар қазақ отбасында тәрбие мына бағыттарды көрсетті: тәрбие басы – әдептілікке үйрету; мейірімді бала тәрбиелеу, тіл алғыш, елгезек бала тәрбиелеу; адалдық пен шыншылдыққа тәрбиелеу; білгір болу, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңдату; үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйрету — басты міндет. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп кісілердің табиғи кемдігін көрсетпе деген сөз. Ел қорғаны батыр болу, халық алдында қызмет ету, өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.

Қазақ отбасында ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасына тән жарасымдылық олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Шынтуайтында, жас ұрпақты әдеп¬ті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне тірек арта отырып, ұлт-тық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, дәстүрлі дінімізді, ата-бабаларымыздан қа묬ған мұ¬раларды олардың саналарына сіңіре білуіміз қажет. Ел болашағын туған жерді, Отанын сүйіп, оны қасық қа¬ны қалғанша қорғай білуге үйрету, оқушы бойында патриоттық сезім мен адамершілік сананы қалыптастыру –әр отбасы мен азаматтарының міндеті. Тәрбиенің қайнар көзі ата-бабамыздан қалған даналық сөздер десек, біз – сол насихаттың қолданушысы әрі қоғашысымыз. Ендігі жерде елді сүюді ең асыл қасиеттің бірі деп бағаласақ, онда ұлттық тәрбиенің басы бүтін көрініс табуы тиіс-ақ.

Г.СЕЙІТ,

Отырар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *