АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРГЕН САУРАН ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Түркістан облысы, Сауран ауданы бойынша биыл 18 жасқа толған 8 азамат алғаш рет дауыс берді. Бұл олар үшін ерекше әрі жауапты сәт болды, себебі әрбір азаматтың таңдауы — еліміздің болашағына әсер ететін маңызды қадам.
651719010 122161363214889608 2534380624887848069 N
Референдум — мемлекетіміздің даму бағыты мен келешегіне ықпал ететін маңызды саяси науқан. Алғаш рет дауыс берген жастар өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдады.
Жастардың айтуынша, алғашқы дауыс беру — үлкен жауапкершілік және мақтаныш. «Бүгінгі жастар — ертеңгі ел тірегі. Біз ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерде белсенді болып, өз пікірімізді білдіруіміз қажет», — дейді туған күн иелері.
Сауран ауданының белсенді жастары өз тәжірибелерімен бөлісіп, келесі жасқа шақыру жасады: Ел болашағы үшін белсенді болып, өз таңдауын жасау әрбір азаматтың маңызды борышы. Біз барлық жас азаматтарды өз құқықтарын пайдаланып, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырамыз, — деді олар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *