БІР ОТБАСЫНЫҢ ҮШ ҰРПАҒЫ БІРГЕ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

653779931 122165773604865035 3995958979385064311 N
Түркістан облысы, Сауран ауданында үш ұрпақтан тұратын Төрехановтар отбасы бүгінгі республикалық референдумға қатысып, бірге дауыс берді. Олар жаңа қабылданғалы жатқан Ата Заңдағы өзгерістерді қолдайтындықтарын білдіріп, ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.
Отбасы мүшелері өз таңдауларын жасау арқылы әрбір азаматтың мемлекет дамуына қосатын үлесінің маңызды екенін атап өтті. Ұрпақтар бірлесіп дауыс беру арқылы ұлттық бірліктің, отбасы құндылықтарының және азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Бұл көрініс жастар мен басқа тұрғындарға үлгі болып, елдің дамуы мен Конституциялық өзгерістердің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Үш ұрпақтың бірлесіп қатысуы — саяси науқанның ашық әрі бірлікке толы өтуінің жарқын көрінісі деуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *