Түркістан облысының Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округінің тұрғындары «Мерейлі отбасы — 2025 жыл» байқауының жеңімпаздары Молдабековтер отбасы бүгінгі саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады.
Отбасы мүшелері Майдантал ауылдық округіндегі №83 референдум учаскесінде дауыс беріп, азаматтық борыштарын орындады. Молдабековтер отбасының қатысуы жастар мен тұрғындарға үлгі болып, ел тағдырына жауапкершілікпен қараудың маңызды екенін көрсетті.

Осы отбасы референдумға белсенді қатысу арқылы мемлекеттік науқанға өз қолдауын білдіріп, елдің дамуы мен болашағына үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар ауылдағы отбасылар арасындағы бірлікті нығайтып, азаматтық сана мен қоғамдық белсенділікті арттыруға септігін тигізеді. Молдабековтер отбасының үлгісі арқылы тұрғындар өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін жауапкершілікпен қарауға шақырылады.
