ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 251 ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

           Түркістан облысында ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында өткен «IQanat» республикалық олимпиадасының II кезеңі қорытындыланып, нәтижесінде 251 оқушы финалға жолдама алды. Бұл кезең тек іріктеу ғана емес, сонымен қатар қатысушыларды «IQanat» қауымдастығына қосатын мүмкіндік. Олимпиада барысында жоғары сынып оқушылары кіші буынға тәлімгерлік ететін «Peer-to-Peer» бағдарламасы тиімділігін көрсетті.
                     Жалпы, еліміз бойынша 1000-ға жуық «IQanat» оқушысы — 10 мың сегізінші сынып оқушысына дайындықта қолдау көрсеткен. Жоба — ауыл оқушыларына білім алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Финалистер «IQanat» мектеп-лагеріне түсуге немесе үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Айта кетейік, аталған жобасы 240-тан астам қазақстандық кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *