САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 500 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сайрам ауданына қарасты Жібек жолы ауылында жеке инвестор есебінен салынған жаңа жанар-жағармай бекеті пайдалануға берілді. Аталған нысан халықаралық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан. Жобаның жалпы құны — 500 миллион теңге. Инвестициялық жобаның іске қосылуы нәтижесінде 19 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Аталған нысан жол бойында сервистік қызмет сапасын арттыруға, транзиттік әлеуетті тиімді пайдалануға және аудан экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, биыл аталған бекет аумағында қосымша асхана мен қонақ үй салынады. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *