ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ҰЙЫДАСТЫРДЫ

      Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жүк көлік жүргізушілері мен такси жүргізушілері бірігіп, ауқымды қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Олар кенттегі орталық мешітте 500 адамға арнап құдайы ас беріп, ел бірлігі мен қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
      Шараға Жетісай, Атакент, Асықата өңірлерінен және аудан орталығынан келген тұрғындар қатысты. Жиналған қауым құран бағыштап, ел тыныштығы мен амандығын тілеп, дұға жасады. Үлкен қариялардың батасын алды. Бұл жиын тек ас беру рәсімімен шектелмей, рухани құндылықтарды насихаттайтын маңызды кездесуге ұласты.
672681368 1284767517175480 7234759370997578262 N672684067 1284767603842138 1640860641325492637 N
        Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров сөз сөйлеп, жүргізушілердің бірлік танытып, осындай игі істі қолға алғанына ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде қоғамдағы ынтымақ, бірлік пен жанашырлықтың маңыздылығына тоқталып, жастарға үлгі боларлық бастамаларды әрдайым қолдау қажеттігін атап өтті.
      Ұйымдастырушылар бұл шараны тек бір реттік қайырымдылық ретінде емес, дәстүрге айналдыруды көздейтіндерін жеткізді. Сонымен қатар жүргізушілер қауымы игі бастаманы жалғастырып, аудан аумағындағы аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар таратып, әлеуметтік қолдау көрсетті.
       Айта кетейік, Мырзакенттегі бұл бастама – қарапайым еңбек адамдарының қоғамға деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осындай игі істер ел ішінде өзара көмек пен бірлікті нығайтып, қайырымдылық мәдениетін дамытуға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *