ТҮРКІСТАНДА САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП КҮШЕЙТІЛУДЕ


Түркістан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдерімен бірлесе отырып, 25 сәуір күні қала аумағында өнімсіз делдалдықты жою және сауда орындарында белгіленбеген саудаға тәртіп орнату мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына бақылау жүргізіліп, делдалдық тізбектерді қысқарту және тауарларды тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізу мәселелері назарға алынды. Сонымен қатар, белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілері анықталып, кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді. Мониторинг нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, кәсіпкерлік субъектілеріне сауда қызметін белгіленген орындарда, тиісті рұқсат құжаттарымен жүзеге асыру қажеттігі ескертілді. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *