ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шардара қаласында стратегиялық маңызы бар ауызсумен қамтамасыз ететін су резервуары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстармен аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы танысып, оң бағасын берді. 1983 жылы пайдалануға берілген бұл нысан қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін негізгі инфрақұрылымдық жүйенің бірі саналады. Уақыт өте келе оның инженерлік желілері тозғандықтан ауқымды жаңарту жұмыстары қолға алынып отыр.
Жоба аясында сусорғы жабдықтарын жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыру, автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу және техникалық инфрақұрылымды күшейту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылып, биыл тамыз айында толық аяқтау жоспарланған. Жұмыс барысын бақылау кезінде Арман Романұлы мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, сапа мен мерзім талаптарының қатаң сақталуының маңыздылығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *