Ордабасы ауданындағы Бадам ауылдық округінде инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Аудан әкімі Азат Оралбаевтың тұрғындармен кездесуінде көтерілген ұсыныстар негізінде Орда мөлтек ауданындағы көшелерді асфальттау жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда Пірмаханбетов және Шенгелов көшелерінде жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Бадам ауыл округіндегі 93 көшенің ұзындығы 89 шақырымды құрайды. Биыл Орда мөлтек ауданындағы он бес көшенің жетеуін асфальттау жоспарланған. Қалған көшелер бойынша жұмыстар 2027 жылға өтпелі жоба ретінде жалғасады.
Сонымен қатар Мамыр ауылында көше жарығы мен аяқ жол құрылысы аяқталып, алдағы уақытта 1,2 шақырым көшеге асфальт төселмек. Ауданда жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жалғасуда.
