ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖАҢА ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНУДА

Елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық нысандардың құрылысы – мемлекет назарындағы маңызды жобалардың бірі. Осы ретте Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қалашықтың құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
763103779 951084211329744 6779993180949938780 N
Болашақта мұнда еліміздің әр өңірінен келген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерін орындайтын болады.
Нысанды аралау барысында қала әкімі жауапты мамандармен жиын өткізіп, құрылыс жұмыстарының қарқынымен және инженерлік инфрақұрылымның жүргізілу барысымен танысты. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру, кіреберіс жолдар мен коммуналдық желілерді уақытылы аяқтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жобаға сәйкес әскери қалашықтың жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Әскери қалашықтың құрылысы өңірдің қорғаныс әлеуетін арттыруға, әскери қызметшілер үшін қолайлы жағдай жасауға және Түркістан қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін маңызды жобалардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *