ТҮРКІСТАН: САУРАНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сауран ауданында су тасқыны қаупінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны қаупі бар аумақтарда инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру және су өткізу қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа Иқан ауылдық округінің аумағында қорғаныс құрылыстарын нығайту мақсатында ұзындығы 800 метр болатын дамбыны қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
763239715 1377975117778734 5377728776338685857 N
Сонымен қатар, Ибата елді мекенінде таудан келетін тасқын суларды қауіпсіз бұру үшін ұзындығы 4,5 шақырым болатын қашыртқы арнасы қайта қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны кезеңінде елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су басу қаупін төмендетуге бағытталған. Шорнақ ауылдық округіндегі Тастақсай өзенінде су өткізу қабілетін жақсарту мақсатында 2 шақырым аумақта механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағында су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасып, су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар тұрақты бақылауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *