ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА КЕШЕНДІ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

     Кентау қаласында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағындағы ішкі орамдық жылу желілері қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Алдағы жылыту маусымында №5 жылу орталығынан қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қоса алғанда 2 295 жеке сектордағы және 347 көпқабатты тұрғын үйге, 441 коммерциялық нысанға, 7 білім беру мекемесіне, мәдениет саласының 16 мекемесіне, дене шынықтыру және спорт саласындағы 6 мекемеге, жұмыспен қамту саласының 1 мекемесіне, денсаулық сақтау саласындағы 4 мекемеге жылу энергиясын жеткізу жоспарлануда.
778380800 2260135128068091 1706281914976499871 N
Жылыту маусымына дайындық барысында жылу өндіру және тарату жүйелерінің техникалық жағдайы пысықталып, анықталған кемшіліктерді жою, желілерді жаңарту және қажетті техникалық шараларды орындау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыстардың барлығы қыс мезгілінде жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жылыту маусымында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *