«Даму» қоры мобильді фронт-офис арқылы 2,6 мыңнан астам консультация берді: «Мемлекеттік қолдау жақындай түсуде»

«Даму» қоры өңірлердегі кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында Қор мамандары аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерге барып, кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу орны бойынша тікелей консультация береді.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.47
2026 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша мобильді фронт-офистер 2 657 консультация өткізіп, 2 439 бірегей кәсіпкерлік субъектісіне кеңес берді. Көшпелі топтар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда, Қазақстанның барлық 17 өңірінде жұмыс істейді және бүгінде шамамен 80 аудан орталығына барды.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.47 (1)
Кәсіпкерлердің ең жоғары белсенділігі Түркістан облысында байқалды — мұнда 252 консультация өткізілді. Ақтөбе облысында — 222, Солтүстік Қазақстан облысында — 220, Павлодар облысында — 217, Атырау облысында — 215 консультация жүргізілді. Қалған 12 өңірде мамандар тағы 1 531 консультация өткізді.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.47 (2)
Кәсіпкерлерді ең көп қызықтырған мәселелердің қатарында «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисінің бағдарламалары мен өнімдері бар — олар бойынша 721 өтініш түсті.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.47 (3)Сонымен қатар кәсіпкерлер «Іскер Аймақ» субсидиялау бағдарламасына — 593, Кепілдік қоры 1 аясындағы кепілдендіру құралдарына — 480, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген кредиттеуге — 329 және ішкі сауданы қолдау шараларына — 177 өтініш білдірді.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.48
Мобильді фронт-офис жұмысына «Даму» қорының, әкімдіктердің, банктердің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның және консалтингтік компаниялардың өкілдері қатысады. Бұл кәсіпкерлерге «Бәйтерек» холдингінің мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдары бойынша қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.48 (2)
Мобильді фронт-офистердің жұмысы біртіндеп жай ғана консультация беруден кәсіпкерлік жобаларды толық сүйемелдеуге көшуде. Мамандар қаржыландырудың қолайлы құралын таңдауға көмектеседі, бағдарламаларға қойылатын талаптарды түсіндіреді және жобаны шешім қабылданғанға дейін сүйемелдейді. Бүгінде қаржыландыруға 4 өтінім қабылданды.

Whatsapp Image 2026 08 21 At 12.06.48 (3)
Мобильді фронт-офистерді дамыту — кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Даму» қорының жүйелі жұмысының бір бөлігі.
Алдағы уақытта Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын (БҚСО) іске қосу жоспарлануда. Пилоттық жоба аясында мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жұмыс істейтін болады. Аталған екі облыста кәсіпкерлер БҚСО қызметтерін мобильді фронт-офистердің көшпелі жұмыстары барысында да ала алады.
Мобильді фронт-офистердің сапар кестесі «Даму» қорының ресми сайтындағы «Мобильді фронт-офис» бөлімінде жарияланған. Егер қажетті аудан немесе елді мекен қолданыстағы кестеде көрсетілмесе, кәсіпкерлер Online Damu порталы арқылы көшпелі сапар ұйымдастыруға өтінім қалдыра алады.
Қосымша ақпаратты «Даму» қорының Бірыңғай байланыс орталығының 1408 нөмірі арқылы алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *