ТҮРКІСТАНДА 540 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Жаңа оқу жылында Түркістан қаласындағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қосымша 540 орындық жаңа оқу ғимаратында білім алады. Бүгін мектепте 1 қыркүйек – Білім күніне орай алғашқы қоңырау іс-шарасы өтті. Оған Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің ғимараты ескіруіне байланысты мектеп аумағында жаңа оқу ғимараты бой көтерді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратта химия, биология және физика пәндеріне арналған кабинеттер, АКТ залы, кітапхана, спорт залы және асхана бар. Асханада бір мезетте 100 оқушы тамақтана алады. Жаңа оқу ғимаратының пайдалануға берілуі — мектептегі білім алушыларға қолайлы жағдай жасауға және оқу үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қала әкімі білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту және мектеп инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
Жалпы
жаңа оқу жылында Түркістан қаласындағы 84 мектепте 61 мыңнан астам оқушы білім алуда. Биыл олардың қатарын 5 505 бірінші сынып оқушысы толықтырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *