ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ КӨПІР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданының Атакент елді мекені аумағындағы республикалық маңызы бар А-15 жолы бойында орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында басталған. Нысанды пайдалануға беру мерзімі — 2026 жылғы қазан айының соңы.
Жөндеу жұмыстарына 8 бірлік арнайы техника және 20 маман жұмылдырылған. Бүгінгі таңда аталған нысандағы жұмыстардың 80 пайызы аяқталған. Алдағы уақытта асфальтбетон төсеу, жол белгілері мен жол таңбаларын орнату, сондай-ақ жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Тапсырыс беруші — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы.
Аталған нысан көршілес елмен көлік қатынасын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысының қауіпсіздігі артып, жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады деп күтілуде. Жаңартылған инфрақұрылым ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға және өңірдегі елді мекендердің көлік қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *