ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 20 ТОННА ӨНІМ ТҰРҒЫНДАРҒА ТӨМЕН БАҒАМЕН ҰСЫНЫЛДЫ

Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында өткізілген жәрмеңкеде ауданның 30-ға жуық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері ұсынған 20 тонна өнімнің 16 тоннасы базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатылды.
827533074 1424963433155887 4829459910914475702 N
Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз және сүт өнімдері мен бал өнімдері сынды тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері жеткізілген.
Бұған дейін де аудан әкімінің бастамасымен өткен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкелерінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бірнеше рет көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *