«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

 

«Әділет» партиясы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету, қоғамдық бақылауды дамыту және Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру бағытындағы қызметін жүйелі түрде жалғастыруда.

Photo 5429276624714146382 Y

Қазан айында партияға тұрғындардан 3 391 өтініш келіп түскен. Оның 1 855-і бойынша оң шешім қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар партиялық бақылау аясында 170 нысанның жұмысы тексерілді. Нәтижесінде 76 заңбұзушылық анықталып, олардың 63-і түзетілді.

 

Photo 5429276624714146377 Y

Ал халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде есепті кезеңде 4 431 азаматқа қолдау көрсетілді.

Аталған жұмыстар партияның азаматтармен кері байланысты нығайтуға, қоғамдық мәселелерді шешуге және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған қызметінің негізгі бағыттарын құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *