МОЛОДЁЖЬ ТУРКЕСТАНА УЧАСТВУЕТ В РЕАЛИЗАЦИИ ПРЕДВЫБОРНОЙ ПОВЕСТКИ

Алдағы мәслихат сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалы үгіт-насихат жұмыстарына ерекше мән беріп отыр. Осы бағытта партияның жастар штабы өңір тұрғындарына бес жылдық сайлауалды бағдарламаны таныстырып, оның негізгі басымдықтары мен нақты міндеттерін кеңінен түсіндіріп келеді.

3726fc58 C21c 4f5e 81f2 909b8a9d2eb6
Науқан аясында облыстың аудан-қалаларындағы кәсіпкерлік нысандар мен арнайы ақпараттық тақталарға партия бағдарламасы бейнеленген баннерлер ілінді. Бұл жұмыстар нысан иелерінің келісімімен атқарылып, тұрғындарға бағдарлама мазмұнымен танысуға мүмкіндік беріп отыр.

Photo 5438617293819682471 Y
Жастар штабының өкілдері ақпараттық материалдарды таратып, тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға да басымдық берген. Кездесулер мен түсіндіру жұмыстары кезінде партияның негізгі бастамалары, алдағы бес жылға арналған міндеттері және өңірді дамытуға қатысты ұсыныстары таныстырылуда.
Жастардың белсенділігі ақпараттық науқанның ауқымын кеңейтіп, сайлаушылардың бағдарлама туралы толық мәлімет алуына жол ашуда. Басты мақсат – партияның бағдарламалық ұстанымдарын халыққа жеткізіп, тұрғындардың сайлауалды үдеріс туралы хабардарлығын арттыру. Бұл жұмыс облыстың барлық аудан-қалаларында жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *